Кәсіби бағдар
Сандықтау ЖББМ-де "Қазақстандағы 2023 жылы сұранысқа ие мамандықтар, 2025 жылға қарай елге қажетті мамандықтар және 2035 жылға дейін болжам" тақырыбы бойынша 11-сынып оқушыларымен дәріс-әңгіме өтті.
Дәріс барысында оқушылар Қазақстан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттік бағдарламалардың басымдықтарын талдау және 2025 жылға дейінгі Кадрлық қажеттілік болжамы негізінде Қазақстанда сұранысқа ие 100 сервистік және индустриялық кәсіптердің тізбесін құрғанын білді.
Бұл тізімге жоғары білім талап етілетін 35 және техникалық және кәсіптік білім талап етілетін 65 кәсіп, жұмысшы кәсіптер, сондай-ақ өндірісті автоматтандыру үшін талап етілетін 10 жаңа кәсіп кірді, мысалы:
o IT мамандары,
o 3D модельдеу инженерлері,
o машинааралық оқыту жүйелері бойынша,
o жаңартылатын энергия көздері бойынша,
o өндірістің аддитивті технологиялары бойынша,
o "ақылды" қала құрылысы инфрақұрылымының сәулетшілері мен дизайнерлері,
o ұшқышсыз авиациялық жүйелер
o графикалық және мультимедиялық дизайнерлер.
"Қазақстандағы 2025 жылға дейінгі ең сұранысқа ие мамандықтар" тізіміне мамандықтарды іріктеу келесі параметрлерді талдау негізінде жүргізілді:
* Қазақстан Республикасында 2025 жылға дейін іске асырылатын стратегиялық, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың басымдықтары. Мысалы: ҚР индустриялық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасы, "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы, "Нұрлы Жол" көлік инфрақұрылымын дамыту, "Нұрлы Жер" құрылысы, "қарапайым заттар экономикасын" дамыту шеңберінде өңдеуші өнеркәсіп және басқалар.
* Сондай-ақ ҚР ОАМ, "Атамекен" ҰКП және оқу орындарынан сұралған 700-ден астам ірі жұмыс берушілердің қажеттілігін болжауды талдауы есепке алынды.
Балалар мұқият тыңдап, сұрақтар қойды, өйткені олардың әрқайсысының тағдыры мамандық таңдауға байланысты екенін түсінді.