«Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі туралы
Құрметті ата-аналар!
Сіздерге Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі жанында мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған «Балапан» шағын орталығы жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Бұл орталық мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру бағдарламасын жүзеге асырады. Балаларды шағын орталыққа қабылдау «Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттар қабылдау және балаларды қабылдау» мемлекеттік қызметі аясында жүзеге асырылады.
Ата-аналарға (заңды өкілдерге) бұл қызмет мектепке дейінгі ұйымдарға, соның ішінде шағын орталықтарға, баланың жасы, тұрғылықты мекенжайы және бос орындардың болуына байланысты өтініш беруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызметті келесі жолдар арқылы алуға болады:
Қажетті құжаттар тізімі: eGov порталы арқылы электрондық түрде өтініш бергенде:
Өтініш беру және шағын орталықтың жұмысына байланысты барлық сұрақтар бойынша мектеп әкімшілігіне келесі телефон арқылы хабарласа аласыздар: 8 71640 9-35-38.
Немесе Сандықтау ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 9 мекенжайы бойынша ақпарат алуға болады.