«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Хабарландыру

Хабарландыру

 

«Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ Қамқоршылық кеңестің сайлануы жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарлайды.

Қамқоршылық кеңестің құрамына:

      1) осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың ата-аналары немесе заңды өкілдері (әрбір сынып параллельінен осы білім беру ұйымындағы білім алушылардың бір ата-анасы немесе заңды өкілі) – 11 адамнан аспайды;

      2) педагогикалық еңбек ардагерлері (бар болса) – 1 адам;

      3) жергілікті өкілді және/немесе атқарушы, және/немесе құқық қорғау органдарының өкілдері – 1-3 адам;

      4) үкіметтік емес (коммерциялық емес) ұйымдардың өкілдері – 1-2 адам;

      5) қайырымдылық жасаушылар және/немесе меценаттар (бар болса) – 1-2 адам;

      6) бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері (бар болса) – 1 адам;

      7) оқушылық өзін-өзі басқару органдарының өкілдері – 1-2 адам кіреді.

 

Үміткерлер келесі құжаттарды тапсыру қажет:

      1) өтінім (еркін түрде);

      2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

      4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

      5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

      Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

         Құжаттарды sandiktaumektep@mail.ru мектептің электрондық поштасына немесе Ақмола обл., Сандықтау ауданы, Сандықтау ауылы, Ы.Алтынсарин к-сі, 9 үй мекен-жайына жібере аласыз.

         Құжаттарды қабылдау хабарландыру орналастырылған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн өткен соң аяқталады.

Жаңартылған күні: 12.09.2023 08:48
Құрылған күні: 12.09.2023 08:48

Текст