«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

2021 жылғы мемлекеттік қызметтер бойынша есеп.

 

  1. Жалпы ережелер

1) Қызмет көрсетуші туралы мәліметтер: "Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім беру бөлімі Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ. Заңды мекенжайы: Смандықтау ауылы, Ы.Алтынсарин көшесі, 9.

2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

    "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ-де білім беру саласында 5 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

2021 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ 175 қызмет көрсетілді;

   "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген қызметтер саны - 0;

    электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -15;

қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны-160.

   Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

3) неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласындағы неғұрлым талап етілетін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

2. Қызмет алушылармен жұмыс:

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Көрсетілетін қызметті алушылар үшін барлық қажетті ақпарат ресми интернет-ресурста орналастырылған http://kgy-sandiktauskauskola.edu.kz/ "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ "мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Сондай-ақ, мектепте ақпараттық стендте мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылаулар туралы ақпарат.

     Қазіргі уақытта заңға тәуелді және құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет порталында жүзеге асырылады. «Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ нормативтік-құқықтық актілерді әзірлемеген.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбат және басқалар).

     2021 жылы "Ақмола облысы Білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімінің Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ және әлеуметтік желілерде "Сандықтау өңірі" аудандық газетінде 1 мақала жарияланды, 1 тікелей эфир өткізілді. Ай сайынғы негізде БАҚ, қызмет көрсетушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы халықты ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары Аkmola.kz. бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылуда.

   Сондай-ақ, 2020 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету саласында қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

    Білім беру саласында мемлекеттік қызметтерді қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген 1 қызметкер көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

    2021 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

2) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері: Ішкі бақылау барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

3) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг нәтижелері.

   Қоғамдық мониторинг нәтижелеріне сәйкес, 2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу анықталған жоқ. Мемлекеттік қызметтерді бұзушылықтарға жол бермеу бойынша шаралар қабылдануда.

5. Мемлекеттік қызметтер көрсетудің одан әрі тиімділігінің перспективалары және сапасына көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру.

      Қызмет алушылардың қанағаттанушылығын арттыру және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2022 жылға ҚР заңнамасын сақтау мәселесі бойынша бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.

       2022 жылы «Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыратын болады.

 

Мектеп директоры:                 Е.Абдуова

Қосымшалар:


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 11.03.2022 11:40
Құрылған күні: 11.03.2022 13:35

Текст