Текст
Өзін-өзі тану пәнінің онкүндігі туралы ақпарат
Сандықтау орта мектебінде Сара Алпысқызы Назарбаеваның туған күніне орай балаларды жақсылық жасауға, сезімталдық пен мейірімділікке, адамдарға сүйіспеншілік пен қуаныш сыйлауға үйретуге арналған,
Өзін-өзі тану пәні бойынша «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты 2-онкүндік өтті.
Онкүндік барысында оқушылар сурет салу конкурстарына қатысты, ізгілік, бейбітшілік және бақыт туралы өлеңдер оқыды, коллаждар жасады, отбасы туралы бейнероликтер түсірді.
Өзін-өзі тану - бұл жақсы көруге және жақсылық беруге, қорлықты кешіруге үйрететін пән. Адам басқаларға қатысты керемет қасиеттерді көрсеткенде, адамдар мейірімді бола бастайды, олар да мейірімділік таныта бастайды.
Біздің әлемде жақылық көп болғанын тілейміз.