Текст
Қауіпсіз балалық шақ
22 қарашада Ақмола облысының білім басқармасы "Қауіпсіз балалық шақ" тақырыбында ЗУМ - конференция форматында облыстық ата-аналар жиналысын өткізді.
Жиналыс барысында келесі сұрақтар қаралды:
- тұрғын үйлер мен білім беру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігі;
-күзгі-қысқы кезеңде судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу;
- балалар мен жасөспірімдер арасындағы жол-көлік жарақаттарының алдын алу;
- жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу.
Ата-аналарға "Баланы жазатайым оқиғалардан қалай сақтандыруға болады" деген тақырыпта кеңестер берілді.