Текст
2020-2021 оқу жылындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері
2020-2021 оқу жылындағы тәрбие жұмысының ерекшелігі
орта білім беру ұйымдары - бұл қашықтықтан оқыту форматы болып табылады. Қашықтықтан оқыту оны басқа орта білім алу режимдерінен ажырататын және оның жаңашылдығын көрсететін бірқатар сипаттамаларға ие. Қашықтықтан оқыту - бұл оқыту үдерісін телефон байланысы, электрондық пошта, интернет-ресурстар, цифрлық білім беру платформаларын пайдалану арқылы ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын әр түрлі әдістер мен технологиялар.
Қашықтықтан оқыту жағдайында мектептегі тәрбие жұмысын келесідей ұйымдастыруға болады: мектептің интернет-ресурстарында және әлеуметтік желілерде оқушылардың жұмыс көкжиегін дамытатын, тәрбие жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес келетін оқу материалдарын орналастыру; мектепте өткізілетін іс-шараларды визуалды безендіру және ақпараттық қолдау; іс-шараларға арналған электронды презентациялар құру және интернет-конференцияларға, пікірталастарға, дөңгелек үстелдерге дайындық;
Қашықтықтан оқыту жағдайында тәрбие жұмысының негізгі формалары ретінде келесіні ажыратуға болады:
қашықтықтағы диспуттар, дәрістер;
ақпараттық-бағдарлы сынып сағаттары, әңгімелер, ата-аналар жиналысы;
қашықтықтан интеллектуалды ойындар, викториналар;
желілік кинотеатр, оқу, деректі, ғылыми-көпшілік фильмдерді таңдау;
әр түрлі байқауларға, олимпиадаларға, белсенді сілтемелер арқылы қатысу;
челлендждер, бейне презентациялар, оқушылардың шығармашылық жұмыстарының көрмелері.
2020-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білімі мен ғылым министрлігінің Мемлекеттік даму бағдарламасын тиімді жүзеге асыруға , ақпараттық және компьютерлік технологияларды қолдана отырып қашықтықтан оқыту оқушылардың интеллектуалдық, патриоттық, рухани, адамгершілік және физикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатында жалпы идеялық-құндылықтық тәсілдермен жүзеге асыруға мүмкіндік береді