Интернационалист-жауынгерлермен кездесу
13-ақпан күні мектептің мәжіліс залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 36 жыл толуына арналған іс-шара өтті. Шараға интернационалист-жауынгерлер А.Р. Китлер мен А.Н. Пьянков қатысып, өздерінің жауынгерлік жолдары туралы естеліктерімен бөлісті. Олар оқушыларға Ауған соғысының тарихи маңызы, жауынгерлердің батырлығы мен ерлігі жайында әңгімелеп, өздерінің басынан өткен оқиғаларды баяндады.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары мен педагогтар патриоттық әндер орындап, оларға арнап өлеңдер оқыды.
Жиын соңында интернационалист-жауынгерлер оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өздерінің өмірлік тәжірибелері мен бейбітшіліктің қадірі туралы ойларымен бөлісті. Іс-шара жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуге, Отан қорғаушыларын құрметтеуге бағытталған маңызды кездесулердің бірі болды.