Наурыз - көптеген халықтардың мәдениетіндегі ең көне және маңызды мерекелердің бірі. Бұл көктемнің басталуын, табиғаттың жаңаруын және күн күнтізбесі бойынша жаңа жылдың басталуын білдіреді. Мереке аясында барлық оқушылар мен мектеп ұжымы "Сәлемдесу күні" іс - шарасына, "Ұлттық киім-мақтаныш", "Күй күмбірі" челлендждеріне белсенді қатысты. Аналар кеңесінің қатысуымен "Отбасы – бақыт мекені" тақырыбында сынып сағаттары, аналар мен әжелердің қатысуымен "Бауырсақ - PARTY" аспаздық жәрмеңкесі, "Ұлы даланың ұлы есімдері" викторинасы өткізілді. "Ұлттық өнер" сәндік-қолданбалы өнер көрмесі де ұйымдастырылды. 20 наурызда ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ бойынша жарыстар өткізілді. 5-11 сынып оқушылары арасында "Ұлттық мәдениеттер фестивалі" мерекелік концерті мен байқауы ұйымдастырылды.