«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Жас жол қозғалыс инспекторлары" жол қозғалысы ережесі бойынша квест-ойыны

25.04.2025

25 сәуірде мектепте 1-8 сынып оқушыларына арналған "Жас жол қозғалыс инспекторлары" жол қозғалысы ережесі бойынша ауқымды квест-ойын өткізілді.

Бұл ойын оқушылардың жолдағы қауіпсіз мінез-құлқын арттыруға, жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыруға және бекітуге бағытталған.

Ойын 1-4 сыныптар мен 5-8 сыныптар арасындағы жарыс түрінде өтті. Әр команда маршруттық параққа сәйкес белгілі бір кезеңдерден өтті, онда әр кезеңде тапсырмаларды орындау кезінде максималды балл жинау қажет болды. Әр команданың жолында "Жол белгісін тап", "Бағдаршам", "Жұмбақ жол", "Реттеуші", "Автомобиль қобдишасы" және т. б. станциялар болды.

Станцияларда Қозғалыстың жас инспекторлары рөлінде 9,10,11 сынып оқушылары балалармен кездесті, олар командаларға тапсырмалар берді, орындалу дұрыстығын тексерді және маршруттық параққа балл қойды.

Сондай-ақ, әр сыныпқа 9-сынып оқушыларының арасынан тәлімгерлер тағайындалды, ол командаларға ойынның барлық кезеңдерінен өтуге көмектесті.

Барлық кезеңдерден өткеннен кейін командалар қазылар алқасына маршруттық парақтарын тапсырды, олар алған ұпайларын есептеп, жүлделі орындарды анықтады.

Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді, 1-4 сыныптар арасында:

I орын -2 сынып;

II орын -1 сынып;

III орын -4 сынып;

IV орынға -3 сынып оқушылары иеленді.

5-8 сынып оқушылары арасындағы жарыс қорытындысы:

I орынды - 6 сынып алды;

II орын -5 "Б" сыныбы;

III орын -7 сынып;

IV орын -8 сынып;

V орынға -5 "А" сынып оқушылары иеленді.

Жол қозғалысының барлық қатысушылары жол қозғалысы ережелерін білуі және сақтауы қажет.

 

Просмотров: 28


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст