«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Еске алу күні

14.05.2025

Еске алу күні

9 мамыр күні Сандықтау мектебінің оқушылары мен мұғалімдері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға белсене қатысты. Мерекелік шара аясында салтанатты митинг өткізіліп, онда ардагерлерге және Жеңісті жақындатқан жандарға алғыс сөздер айтылды. Қатысушылар қаза тапқан қаһармандардың рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етті.

Сондай-ақ, мектеп өкілдері майданда қаза тапқан жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, олардың ерлігіне деген терең құрмет пен ризашылықтарын білдірді. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастыруға, ел тарихына деген құрметін арттыруға және халықтың ұлы ерлігін мәңгі есте сақтауға ықпал етеді.

Просмотров: 11


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст