Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебінде инклюзивті білім беру кабинеті белсенді жұмыс істеуде, мұнда ерекше білім беруді қажет ететін балалар негізгі оқу процесінен қол үзбей, логопед, дефектолог, педагог-психолог сияқты мамандардан көмек алады.
Инклюзивті кабинетінің негізгі мақсаты:
Көмек көрсету:
Инклюзивті кабинет ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға материалды меңгеруге қосымша көмек, түзету-дамыту сабақтары, мамандардың кеңестері сияқты жекелендірілген қолдау көрсетеді.
Жайлы орта құру:
Кабинет ерекше қажеттіліктері бар оқушыларға қолайлы және қолдаушы орта қалыптастырып, олардың табысты оқуына және басқа оқушылармен өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
Білім сапасын арттыру:
Инклюзивті кабинет оқушылардың білім нәтижелерін жақсартып, олардың өзін-өзі бағалауын және оқу мотивациясын арттыруға көмектеседі.
Жеке көзқарас:
Инклюзивті кабинетте оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып, арнайы мамандар жеке көмек көрсетеді.
Ата-аналарға қолдау:
Инклюзивті кабинетте ата-аналарға арналған сабақтар өткізіліп тұрады, бұл олардың баласының ерекшеліктерін жақсырақ түсініп, тиімді қолдау көрсетуіне көмектеседі.
2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша ПМПК есебінен келесі диагноздармен тіркеуден алынған 5 бала бар: дыбыстау бұзылысы, жалпы сөйлеу дамуының 3-деңгейі (ОНР III деңгейі), психикалық дамудың тежелуі (ЗПР).