Текст
Жаңа оқу жылының басталуына орай мектебімізде салтанатты жиын өтті. Бұл айтулы шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар мен қонақтар қатысты.
Сандықтау ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Жангожин А.Н., аудандық мәслихат депутаты Тамбовцева Н.В., Сандықтау ауылдық округінің әкімі Жунусов Ф.А., еңбек ардагері, ұстаз Антошкина Г.И. салтанатты жиынға қатысты.
Қонақтар оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім жолында табыс, алға қойған мақсаттарына жетуде табандылық пен жаңа жеңістер тіледі. Әсіресе, бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер үшін бұл ерекше толқынысты әрі қуанышты күн болды.
Салтанатты жиын оқушыларға қуаныш сыйлап, жаңа оқу жылына сеніммен қадам басуға жігер берді.