Мектебімізде қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мен аумақты абаттандыруға бағытталған экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы өтті.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей: «Таза Қазақстан – бұл шынайы патриотизмнің көрінісі. Тазалық – қасиетті ұғым. Әр үй, әр көше, әр аула таза болуы керек. Отанға деген сүйіспеншілік осыдан басталады».
Оқушылар, мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері акцияға белсенді қатысып, мектеп ауласын қоқыстан және түскен жапырақтардан тазалап, гүлзарларды ретке келтіріп, айналаны жинастырды. Бірлескен еңбектің арқасында мектеп аумағы таза, жайлы әрі көрікті кейіпке енді.
Экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы бейжай қарамайтын жандарды біріктірген жақсы дәстүрге айналды. Тазалық пен тәртіпке ұмтылу – біздің мектеп мәдениетіміз бен күнделікті өміріміздің ажырамас бөлігіне айналды.