24.11.2025
Мектебіміздің командасы «Экологиялық әрекет ет!» атты аудандық экологиялық слётте 1-орынды иеленіп, зор жеңіске жетті. Шараға ауданның барлық мектептерінен табиғатты қорғауға бейжай қарамайтын, белсенді де бастамашыл оқушылар қатысты. Біздің оқушылардың жеңісі – олардың жоғары дайындық деңгейі мен экологиялық жауапкершілігінің айқын дәлелі.
Экологиялық слёттің мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту, қоршаған ортаға жауапты көзқарас қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпақты табиғатты қорғау жұмыстарына тарту болды.
Мектеп командасы экология саласындағы терең білімін, шығармашылығын, жинақылығын және топпен жұмыс істей білу қабілетін көрсетті. Оқушылар барлық кезеңдерден сәтті өтіп, жоғары ұпай жинап, жалпы есеп бойынша бірінші орынды лайықты түрде иеленді.
Жеңімпаз команданы шын жүректен құттықтаймыз! Оларға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа жетістіктер және экологиялық бастамаларды жүзеге асыруда шабыт тілейміз!