Текст
06.01.2026
Мектепте жалпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізіліп, онда оқушылардың тәрбиесі, білім алуы және қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер қарастырылды.
Жиналыс барысында қысқы кезеңде қауіпсіздік техникасын сақтау, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, сондай-ақ балалардың жыныстық қолсұғылмаушылығын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жасөспірімдердің дұрыс кәсіби бағдар алуындағы отбасының рөлі мен болашақ мамандықты саналы таңдаудың маңыздылығы талқыланды.
Жиын соңында II тоқсан бойынша оқушылардың үлгерім қорытындылары шығарылып, ата-аналарға оқу үлгерімін арттыру және мектеп пен отбасы арасындағы ынтымақтастықты нығайту бойынша ұсыныстар берілді.