Текст
Нан Күні
16-қазан күні еліміз Нан күнін атап өтеді. Мерекелік күн астық пен нан өнімдерінің жоғары мәртебесін нығайту мақсатында, қазақстандық диқаншылар, диірменшілер мен наубайшылардың еңбегін құрметтеу мен мойындаудың белгісі ретінде белгіленді. Мерекеге орай суреттер мен бейнероликтер байқауы ұйымдастырылды, сонымен қатар 5-9 сынып оқушылары арасында ақпараттық әңгімелер өткізілді.