«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауыш сынып апталығы басталды

25.02.2022

Бастауыш сынып апталығы басталды

Дүйсенбі күні «Қызығушылықпен оқимыз» тақырыбында бастауыш сынып апталығы басталды. Апталықтың ашылу жиынында «Пәндер шеруі» өтті. Бастауыш сынып оқушылары пәндер туралы тақпақтар мен суреттер дайындады. Бастауыш сынып мұғалімдері балаларды апталық аясында өткізілетін іс-шаралармен таныстырып, оларды білім әлеміне қызықты   саяхат жасауға шақырды.

1-сынып оқушыларымен Н.А.Кальман математика пәні бойынша «Шишкин орманына саяхат» ашық сабағын өткізді. Сабақ барысында балалар математикалық футбол ойнап, ребус шешіп, геометриялық есептер шығарды. Сабақ соңында үкінің атынан бояу суреттерін сыйлыққа алды.

Ағылшын тілі мұғалімі Н.А.Колпакиди 3-сыныпта «Musicalinstruments» тақырыбында ашық сабақ ұйымдастырды. Сабақ барысында мұғалім қызықты әрі танымды әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың танымдық әрекеттерін дамытты. Аталған сынып оқушылары сабақта өз тәртіптерімен қатар, алдыңғы сабақтарда алған білімдерін шебер көрсете білді.

Сонымен қатар кейбір пәндер бойынша сабақтан тыс іс-шаралар өтті: Е.С.Конюхова 4-сыныпта «Орыс тілінің білгірлері» ойын-сабағын, З.Е.Бакижан «Қазақ тілі әлеміне саяхат» зияткерлік байқауын өткізсе, 3-сынып оқушылары арасында информатика мұғалімі Ш.М.Кузданова «Инфокүрес», Н.В.Стрельцова «Қызықты математика» ойындарын  өткізді.

Апталық аясында өткізілген іс-шаралар оқушылардың танымдық, шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға бағытталған.

1-4 сынып оқушылары арасында орыс тілі мен математика пәндері бойынша олимпиада болды. Олимпиада жүлдегерлері апталық соңында мақтау қағаздарымен марапатталады.

Просмотров: 450


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст