«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гуманитарлық цикл апталығы қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама.

18.04.2019

Гуманитарлық цикл апталығы қорытындысы бойынша аналитикалық анықтама.

8-12 сәуір аралығында «Сандықтау орта мектебі» ММ Гуманитарлық цикл апталығы өтті.

Апталықтың өтпелі тақырыбы биыл туғаныны 220-жыл толып жатқан А.С. Пушкиннің шығармашылығы болды. Жиында оқушылар Апталық жоспарымен таныс болды. Апталық барысында келесі ашық шаралар өтті: Ахметова А.Р. «Пушкин Қазақстанда» атты тарихи викторина өткізді. Викторинада екі топ сайысты: «Жас музалар» 7-сынып және «Капитан қыздары»8 сынып оқушылары. Викторина 5 кезеңнен тұрды. Тартымды жарыс соңында 1 бал артықшылығымен «Жас музалар» 7-сынып оқушылары жетті: Абакумова А, Десятниченко С., Щиц Т.

Ағылшын тілі мұғалімдері Гофшмид И.А., Колпакиди Н.А. «Пушкинді ағылшын тілінде оқимыз» тақырыбында қызықты сабақтар өткізді. Әр түрлі сынып оқушылары ақын туындыларының аттарын тапты, өлең жолдарын оқыды, хабарламалармен таныстырды, ағыылшын тілі ақын өмірінде қандай орын алды және өз шығармашылығында қалай қолданды.

Өз жұмыстарында әртүрлі деректерді зерделеп, оқушылар ақын шығармашылығы екі мәдениетті (орыс және ағылшын) байланыстыратын жүйе деген шешімге келді.

«Достар, пушкинді оқыңдар!»- Апталықтың үшінші күні өткен акция осылай аталды. «Ақындық 5-минуттігінде» сабақтың басында балалар ақын шығармаларын естеріне түсірді, А.С. Пушкин шығармалары бойынша түсірілген кинофильмдкрдкн үзінді қарады, тағы да ақынның мұрасы бірегей және бай екеніне көздері жетті.

жазушының мерейтойына арналған Гуманитарлық цикл апталығының қорытындысын дөңгелек үстел өтті. Шара барысында 7-11 сынып оқушылары жазушының өмірі мен шығармасы бойынша зерттеу жұмыстарын өткізді, 7-сыныптың жас суретшілері Абакумова А., Борисова А., Овчинникова К дайындаған «Пушкин және оның кейіпкерлері» атты галлерея турын өткізді. Қорытындысы шығарылып, жеңіімпаздар анықталды.

Гуманитарлық цикл мұғалімдерінің ұжымыоқушыларға сабақта белсеңділіктері, білуге құмарлықтары, білімдері үшін алғыс айтады.

  

                                Гуманитарлық цикл МӘБ жетекшісі    Нурбаева Г.У.

Просмотров: 508


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст