Текст
Бастауышпен қоштасу
23-мамыр күні 4-сыныпта бастауыш мектеп бітіру кеші өтті. Бұл күні олар бастауышпен қоштасты.. 4-сынып оқушылары сынып жетекшісі Ольга Николайевна Исаковамен ғажайып мереке ұйымдастырды. Мектепте достық туралы әндер, жалынды өлеңдер орындалып, білім берген ұстаздарына арналған тілектер мен жылы лебіздер айтылды. Барлық қонақтар балалар тек мықты білім алып қана қоймай, татулықққа, достыққа үйренгендеріне көз жеткізді. Албырт және қызықты, қайталанбас ерке қылықтарымен, сүйікті де жанға жақын мінез - ата-аналары мен ұстаздары балаларын осындай қырларынан көріп, танып білді.
Ғажайып мереке өткізгендеріңізге алғысымызды білдіреміз!
Г.Ю. Горбунова.