Жазғы демалыс
Жаз – балалардың ең сүйікті мезгілдерінің бірі. Өйткені жаз ыстық күндердің, қызықты сәттер мен демалыстың кезі.
Жыл сайын мектепте «Күншуақ» сауықтыру алаңы жұмыс істейді.
1-14 маусым аралығында сауықтыру алаңының бірінші ауысымы ұйымдастырылды. 25 оқушы аталған демалыс түрімен қамтылды.
Бірінші ауысымда әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерге, балалардың жас ерекшеліктері мен қызығушылықтарына байланысты іс-шаралар жоспарланды.
Ұжымдық іс-шаралар балалардың көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылықпен айналысу, бір-бірімен қарым-қатынас орнату үшін маңызды болып табылады.
Күнделікті салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында таңертеңгілік жаттығулар жасалынды. Жаттығулар таза ауада өткізілді.
Жазғы лагерьдегі іс-шаралар жоспары тәрбие бағыттары мен тәрбиелік концепцияға сай құрастырылды.
Балалар арасында әр түрлі тақырыпта әңгімелер өткізілді: жолда жүру, далада, суда қауіпсіздік ережелерін сақтау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, дұрыс тамақтану, достық және қамқорлық туралы.
Серуенге ерекше көңіл бөлінді. Өйткені таза ауадағы серуен мен спорттық ойындар салауатты өмір салты мен жақсы көңіл-күйдің негізі.