Текст
Білім Күні
Дәстүр бойынша 1-қыркүйек күні Білім Күніне арналған салтанатты жиын өткізілді. Жиынға Сандықтау селосының әкімі Ф.А.Жунусов, Сандықтау ауданы білім бөлімінің бас маманы Н.Н.Богачева, аудандық мәслихат депутаты А.В.Белуха, ардагер ұстаз, Қамқоршылық Кеңесінің төрайымы Г.И.Антошкина қатысты. Білім Күніне арналған жиынның мақсаты өскелең ұрпақтың білімге деген құштарлықтарн қалыптастыру, жаңа оқу жылының алдында мерекелік көңіл-күй сыйлау.
Салтанатты жиыннан кейін оқушылар мен ата-аналар «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты азаматтық және патриоттық сабаққа шақырылды.