Текст
Бақытты балалық шақ
Мектебімізде Балалар жылының, республикалық «Балалардың игілігі үшін» атты акциясы аясында оқушылар үшін «Бақытты балалық шақ» атты іс-шара өткізілді.
Балалар үшін концерт, флешмоб, веложарыс, artface, спорттық ойындар сияқты әр түрлі бағыттағы жұмыстар ұйымдастырылды. Белсенділік танытқан әр бала тәтті сыйлықтармен, жыл бойы мектеп өміріне белсене қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.
Белсенді ойындар мен марапаттау рәсімінен кейін барлық қатысушылар тәтті шайға шақырылды.