23.09.2019
        Қазақстан халықтарының тілдері Күніне арналған апталық
Қазақстан халықтарының тілдері Күніне арналған апталық аясында салтанатты жиын өткізілді. Мектеп кітапханашысы О.А.Гофшмидт «Тіл –тәуелсіздігіміздің символы» атты көрме ұйымдастырды. Қазақ тілі мұғалімдері Э.К.Баубекова, М.А.Қажығалиева «Казақстан - көп ұлтты мемлекет», Е.Қ.Абдуова «Мақал - мәтел жарысы. Кім жүйрік?» тақырыптарында ашық сабақтар өткізді. Ағылшын тілі мұғалімдері Н.А.Колпакиди "Intellectual Marathon – Who is smart?", И.А.Гофшмид 6-сыныпта «Do you know English well?» тақырыптарында ашық сабақтар болды. Орыс тілі мұғалімі Г.У.Нұрбаева 7-8 сыныптарда «Орыс тілін білесің бе?» викторинасы ұйымдастырылды.
Жоспарланған іс-шаралар орта және жоғары буын оқушыларының қатысуымен жақсы деңгейде өтті. Белсенді қатысушылар мен жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

