«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Вперед, «Арыстан»!

22.02.2018

Вперед, «Арыстан»!

14-1627 ақпан аралығында Сандықтау орта мектебінің «Арыстан»

әскери-туристік клубы екі команда Арыстан және Альбатрос құрамында облыстық

шаңғы туризмінен Бурабай ауданындағы Қатаркөл поселкесіндегі «Жұлдыз» БСО-да

өткізілген сайысқа қатысты.  Арыстан командасының

құрамына Горбунов Владислав – команда капитаны;

Тамбовцева Татьяна; Пушкарёва Альбина; Скородумов Роман; Попкова Валерия;

Пархомович Виктор және Антошкина Юлия кірді.

Альбатрос командасының құрамына Гофшмидт Максим – команда капитаны;

Степанов Егор; Чурашов Александр; Райфшнайдер Сергей, Чурашова Регина,

Мельникова Татьяна, Коровина Анастасия кірді.     

Сайыстың өткізілу мақсаты –спорттық туризмді насихаттау және дамыту, қатысушылардың

спорттық, техникалық және тактикалық шеберліктерін шыңдау, сайыстың жаңа

үлгілерін жетілдіру, біліктілікпен бөлісу, туристік спорттан мықты облыс

командаларын анықтау.

Бірінші күні салтанатты және әдемі ашылу рәсімі өткізілді. Ашылу рәсімінде сайысқа қатысушы

командалар таныстырылды. Сайысқа облысымыздың 17 командасы қатысты: Көкшетау

қаласы, Бурабай ауданы, Атбасар ауданы, Ақкөл ауданы, Жақсы ауданы, Сандықтау

балалар үйінің командасы, Зеренді ауданы.

Келесі күні сайыс басталды.

Барлық мәрелерді өз жабдықтарымызбен, командалық сақтандырумен және жеке

сақтандыру арқылы өттік. Біз үшін облысымыздың мықты командаларымен бірдей

бәсекеге түскеніміз қуанышты жәйт болды.

3 күндік

сайыс барсысында біз бірігіп, достығымыз күшее түсті, өйткені ұйымшыл команда

ғана жақсы жетістіктер көрсетіп, жүлделі орынға ие бола алатынын түсіндік.

Міне, көптен

күткен мәре! Жеке қашықтықтарда

жеңген командалар бағалы  сыйлықтар мен

мақтау қағаздарына ие болды

          Жасөспірімдер арасында орындар келесі түрде берілді:

І орын –«5 ВЫСОТА» Көкшетау қаласы;

ІІ орын – «Саяхат»

Сандықтау балалар үйі;

ІІІ орын –«АРЫСТАН» Сандықтау ауданы.

Біздің

командамыз келесі мақтау қағаздарына ие болды:

техникалық қашықтық – 1- орын,

жеке -командалық қашықтықтан – 3 орын, , жалпы командалық есеп бойынша -3 орын.

Біз жеке есепте орын 3- алған Тамбовцева Татьяна  үшін өте қуаныштымыз.

         

Жасөспірімдер арасындағы орындар

келесі түрде бөлінді:

1 орын – Зеренді ауданы «ПОКОЛЕНИЕ»

2 место – Көкшетау қ.

3 место – Сандықтау ауданы  «АЛЬБАТРОС»

Біздің

командамыз келесі мақтау қағаздарына ие болды:

техникалық қашықтық – 2- орын,

жеке -командалық қашықтықтан – 3 орын, , жалпы командалық есеп бойынша -3 орын.

Біз 8 жыл бойы осындай сайыстардан жүлделі

орындарға иеленіп жүргенімізді мақтан тұтамыз. 2011 жылы – І, 2012 жылы – ІІ,

2013 жылы – ІІ, 2014 жылы – ІІ, 2015-3, 2016 -1, 2017 -3, 2018 -3 орындарға

иелендік. 

Біз өз ісін сүйетін жаттықтырушымыз мектебіміздің

алғашқы әскери дайындық мұғалімі А.В. Романюк біздерді дайындап жүргеніне

қуанамыз. Осы адамның арқасында біз төзімді, жауапты болып, достығымызға

берікпіз! Жыл сайын команданың құрамы ауысатыны өкінішті, өйткені қатысатын

оқушылар көбінесе мектеп бітірушілер. Алайда біз оған қарамастан өз беделімізді

түсірмейміз. «Арыстан» клубының жүлделі орындарға ие болуы жаттықтырушының

шеберлігі мен оқушылардың  өмірде қажетті

қабілеттерін арттыруға  деген

талпыныстарын көрсетеді. Бұл біздің әлі соңғы жүлдеміз бен қатысуымыз емес  деп 

үміттенеміз. Біздің бойымызда жеңіске деген құштарлық пен талпыныстың

бары сөзсіз.  Алға, «Арыстан»!

 

 

 

 

Автор – Попкова Валерия ученица 10 класса, участница соревнований.

 

Просмотров: 542


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст