Елімнің
бақытын тербеткен Тәуелсіздік
Сандықтау орта мектебінде Тәуелсіздік Күніне орай 1-6 сынып оқушылары арасында суреттер байқауы ұйымдасытрылды.
Келесі оқушылар: Берсанова Линда, Абакумова Асет, Борисова Анастасия, Қожақов
Рустем, Қожақов Дастан мақтау қағаздарымен марапатталды.
Тарих пәнінің мұғалімі Ахметова А.Р. 10-11
сынып оқушыларымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы туралы дөңгелек үстел өткізіп,
оқушылармен әңгіме жүргізді.
1-11 сынып оқушылары арасында сынып
жетекшілері «Менің Отаным -Қазақстан» тақырыбында сынып сағаттарын өткізді.
Мектеп кітапханашысы Кубрина А.В.
кітаптар мен газет-журналдардан ақпараттық көрме ұйымдастырып, 4-8 сынып
оқушыларына еліміздің тарихындағы маңызды оқиғалар мен Елбасының еңбек жолы
туралы баяндады.
Мектепте атаулы мереке қарсаңында шағын
өлкетану мұражайы ашылды. Мұражайда Сандықтау селосының, мектептің тарихы, Ұлы
Отан соғысына қатысқан жерлес ардагерлер туралы ақпарат жинақталып, тарихи
маңызы бар заттар көрмеге қойылды. Қожақовтар жанұясы көне астау, қолдан
жасалған оюмен безендірілген алаша, Сатаевтар отбасысы екі жүз-үш жүз жылдық тарихы бар ұрпақтан ұрпаққа беріліп
келе жатқан күміс оймақ пен қылыш, Харченко жанұясы өздерінің ата-бабалары
казактардан қалған фотосуреттер мен киім үлгісін, көп жылдық тарихы бар қамшыны
мұражай көрмесіне тарту етті. Мұғалімдер мен оқушылар арасында мұражайда
кездесулер ұйымдастырылып, әңгіме жүргізілді.
15 желтоқсан күні салтанатты сап түзеу
өткізіліп, мектеп директоры Кузданов Б.М., педагогикалық еңбек ардагері Антошкина
Г.И. құттықтау сөз сөйледі. Мектеп директоры зияткерлік байқаулар мен пән
олимпиадасына қатысқан оқушыларға мақтау қағаздарын табыс етті. Педагогикалық
еңбек ардагері Антошкина Г.И. республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен
жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылданған 6-сынып оқушылары Т.Шиц пен
А.Абакумоваға төсбелгілер мен галстуктар
тақты. Оқушылар Отан, туған жер туралы үш тілде өлеңдер оқыды, патриоттық әндер
орындады.