Текст
Бірінші Президент Күні
27-30 қараша күндері мектепте Бірінші Президент Күніне орай «Ұлт
көшбасшысы» атты сынып сағаттары өткізілді, сынып сағаттарында «Қазақстан –
біздің ортақ үйіміз» бейнебаяны көрсетілді, аталған іс-шарамен 247 оқушы
қамтылды. Салтанатты жиын ұйымдастырылып, балаларға мереке жайында ақпарат
жеткізілді. 4-6 сынып оқушылары Елбасы Н.Ә.Назарбаев туралы хабарлама дайындап,
мәнерлеп өлең шумақтарын оқыды, салтанатты жиында мемлекеттік Гимн мен
патриоттық әндер орындалды. Мектеп директоры Б.М.Кузданов мұғалімдер мен
оқушыларды құттықтап, зияткерлік байқаулар мен спорттық сайыстарда жеңімпаз
атанған оқушыларға мақтау қағаздарын табыстады.