«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Қоңыр күз»

03.10.2017

«Қоңыр

күз»

Жыл сайын 27 қыркүйекте Туризмнің дүниежүзілік күні

аталып өтеді.

Мерекенің мақсаты- туризмді насихаттау, дүниежүзілік

қауымдастық экономикасына қосылған үлесін көрсету, әр елдер арасындағы

байланысты дамыту.

Бұл мереке көпшілік

елдерде аталып өтеді, туристер жиындары, мерекелік шаралар мен фестивалдар

өткізіледі.

Осы аталған

мерейтойға Сандықтау орта мектебінің әскери-туристік «Арыстан» клубы «Қоңыр

күз» атты облыстық ашық туристер жиынына қатысты. Жарыс 21-24 қыркүйек

аралығында Зеренді ауданының Садовое ауылында өтті. Жарысқа қатысқындыр: ұлдар–

9 команда, жасөспірімдер – 6 команда, үлкендер – 4 команда. Ақкөл, Көкшетау,

Бурабай, Есіл, Ерейментау, Сандықтау, Зерендіден командалар қатысты.

Сандықтау орта

мектебі екі команда құрамымен қатысты: ұлдар- «Альбатрос» командасы, жасөспірімдер–

«Арыстан» командасы.

Жиын келесі

қашықтықтар бойынша өткізілді: «Іздеу-құтқару жұмыстары», «Техникалық»,

«Бағдарлау», «Кросс-жорық», «Бард өлеңдері», « фотосурет конкурсы». ІҚЖ

қашықтықта жәбірленген адамды құтқарудан бұрын командалар оның координаттарын Морзе

азбукасының жарық белгісі арқылы табу керектігі жаңашылық

болды.

Жарыс кезеңдері

бойынша

«Альбатрос» командасы келесі

жетістіктерге қол жеткізді: «Фотосурет көрмесі» - 2 орын. «Жеке-командалық» қашықтық – 3 орын. Жалпыкомандалық орын -4.

 «Арыстан» командасы- «Бағдарлау» - 2 орын; «Техникалық қашықтық» - 6 орын; «Кросс-жорық» - 1 орын; «Фотосурет көрмесі» - 3 орын.

Жарыс қорытындысы

бойынша «Арыстан» командасы 2-жалпыкомандалық орынға ие болды.

Жеңіске үлес

қосқандары үшін барлық қатысушыларға алғысымызды білдіргіміз келеді:

«Альбатрос» командасы: Скородумов Роман –команда капитаны , Степанов Егор.

Антошкина Юлия,  Чурашов Александр,

Гофшмидт Максим, Пьянкова Юлия, Попкова Валерия.

«Арыстан»

командасы: Горбунов Владислав –команда капитаны; Тамбовцева Татьяна, Пушкарева

Альбина, Пархомович Виктор, Баубеков Темирлан, Колпакиди Андрей.

Алға «Арыстан»!

Андрей Романюк, команда тренері.

Просмотров: 385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст