«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыныпта каллаборативті орта құру.

29.04.2017

Сыныпта каллаборативті орта құру.

Каллаборативті сынып дегеніміз мұғалім өзінің жауапкершілігін түсінетін сынып, берілетін

пәнмен шектелмейтін сынып. Білім берудің табыстылығы дұрыс ахуал құруда,

тұлғаның білім алу үрдісінде өзін еркін және қауіпсіз сезінуінде. Өзін қауіпсіз

және жайлы сезінбейтін оқушылар өздерінің әлеуетін аша алмайды. Уәждің маңызды

иерархиялық моделін Авраам Маслоу (1968) құрастырған. Осы моделдәі мәнін

түсінген ұстаз алаңдаған, көңілін басқа бір нәрсеге аударған балаға міндетті түрде

көңіл бөледі. Балалар өз табиғаты бойынша оқуға ұмытылады. Егер де балаға өзін

жайлы және қауіпсіз сезінетін, оқытуда инновациялық әдістерді қолданатын орта

құрса, бұл оқытудың үрдісіндегі қолайлылығын көрсетеді. Балалар қашан жақсы

оқиды? Балалар өздерін қорғанышта, елеулі, танылған, құрметті, маңызды екенін

сезінген жағдайда, өздерін бағалауға қатысқанда, отбасылары олардың оқуларына

белсенді араласқанда. Мейірімді, жайлы орта, бір-бірін құрметтеп қошеметтеу- әр

сабақтың басында бұл ең басты. Сабақтың басында мен оқушылармен кіріспе

ойындар, ұжымдастыратын тренингтер, бірлесір аңыздар көру, қызықты позитивті

фильмдер, тыныштық минуталарын өткіземін. Оқушыларға ұнайтындары:

«Сөйлейтін  қолдар», «Қожайындар мен үйлері»,

«Қырықаяқ», « Белгі бер», «Майлық ал» сияқты шаралар. Сабақтағы каллаборативті

орта құру нәтижесінде менің балаларым бір-бірімен сөйлемді дұрыс құрып

сөйлесулері, сөздерін бөлмей бірін-бірі тыңдап үйренгендері көрінеді. Оқуға

деген уәждері жоғарлап, мектепке қуанышпен келеді.

Просмотров: 696


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст