«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертегілер әлемінде

04.01.2017

Ертегілер әлемінде

         Жыл сайын Жаңа жыл мерекесін оқушылар аса қызығушылықпен күтеді. Сандықтау орта 

мектебінде мектепке дейінгі және 1-сынып, 2-4 сынып, 5-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары арсында жаңа жылдық ертеңгіліктер мен кештер өткізілді.

         Мектепке дейінгі және 1-сынып оқушыларына арналған ертеңгілікті Ульмесекова Ү.Х. ұйымдастырды. Ертеңгілікте балалар өлең айтып, ән шырқап, шыршаны айналды. Аяз Ата, Ақшақар, Бауырсақ,

Қасқыр, Қоян, Аю, Түлкі сияқты кейіпкерлерді сомдаған 6-сынып оқушылары  кішкентай көрермендерге ертегі қойды.

         2-4 сынып оқушылары арасында

ертеңгілікке оқушылармен қатар ата-аналар да белсене қатысты. Қызықты ертегі

кейіпкерлері қатыстырылды. Оқушылар Аяз Атаға арнап өлеңдерін мәнерлеп оқып, ән

айтты, шыршаны айналып бірнеше би биледі. Жауапты мұғалім Кальман Н.А.

ертеңгілікті барынша қызықты етіп өткізді. Өйткені балалар да, ата-аналар мен

келген қонақтар жауапты 4-сыныпқа ризашылықтарын білдірді. 

         5-8 сынып оқушыларына арналған кешті

Нұрбаева Г.У. ұйымдастырып, өткізді. Бағдарлама қызықты ертегі желісімен

құрылды. 8-сынып оқушылары Патша, Ханшайым, Емеля, Су патшайымы, Мыстан кемпір

сияқты кейіпкерлердің рөлдерін сомдады. Әр сынып өз өнерлерін көрсетті: би

биледі, ән айтты, мини-бейнебаян әзірледі. Көрермендерге арналған бірнеше сайыстар

өткізілді, шыршаны айналып танымал әндер орындалды.

         11-сынып оқушылары да тамаша кеш

ұйымдастырды. 9-11 сынып оқушыларына ертегі көрсетілді, сайыстар өткізілді. Қойылымға

 «Шалқан» ертегісінің кейіпкерлері,

мысық, түлкі, Аяз Ата, Ақшақар, Мыстан кемпір 

қатысты. Жаңа жыл туралы әндер, флешмоб, заманауи билер орындалды.

Просмотров: 599


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст