Кәсіби бағдар
Қараша айында 5-11 сынып оқушылары арасында «Шеберлер» және «Мамандықтар фестивалі» байқаулары өткізілді.
Кәсіби бағдар бойынша іс-шаралар кезінде оқушылар мамандықтар туралы білімдері мен болашақ кәсіптеріне деген қызығушылықтарын таныта білді.
«Шеберлер» байқауында балалар болашақта таңдаған мамандықтары туралы айтып, өз қолдарымен жасаған жұмыстарын қорғады.
«Мамандықтар фестивалі» қазіргі таңда сұранысқа ие мамандықтарды насихаттау, оқушылардың қызығушылықтары мен икемділіктерін анықтау мақсатынды ұйымдастырылды. Фестиваль қатысушылары ән айту, би билеу мен көріністер көрсету арқылы дәрігер, мұғалім, құрылысшы, мал дәрігері, есепші сияқты мамандықтар туралы презентация жасады.
Сонымен қатар кәсіби бағдар бойынша байқаулардан басқа сынып сағаттары, тестілеу, саяхаттар мен үгіттеу шаралары өткізіледі.