Текст
«Күзгі жапырақтың түсуі» 2022 жыл»
2022 жылдың 29 қыркүйегі мен 1 қазаны аралығында Зеренді ауданының аумағында (Садовое ауылы трактісі) «Күзгі жапырақтың түсуі» жыл сайынғы облыстық туристер жиыны өтті.
Мақсаты: бұқаралық туризмді танымал ету және одан әрі дамыту; туристік көпсайыс бойынша ұлттық құраманы қалыптастыру.
Сандықтау мектебінен «Арыстан» әскери туристік клубының 2 командасы қатысты: ұлдар мен жасөспірімдер. Ұлдар командасына 2005-2008 жылы туған оқушылар кірді. Жасөспірімдер құрамасында 2009 - 2010 ж.т оқушылар.
Іс-шара жеке, техникалық, кросс және спорттық бағдарлауды қамтыды. Сонымен қатар, слет бағдарламасына шығармашылық байқаулар енгізілген. Бұл бард әндері мен бейне байқаулар.
Жарыс қорытындысы бойынша жекелей сында Гофшмидт Максим 2-орынға ие болды. Ұлдар жеті команданың ішінде 4-орынға, ал жасөспірімдер командасы 1-орынға ие болды. Жарыс жеңімпаздары – «Арыстан» клубының командасы мақтау қағаздары мен медальдарға ие болды.