Текст
Логопедиялық пункт
Мектепте оқушыларға түзету және дамыту мақсатында көмек беру үшін логопедиялық пункт жұмыс істейді.
Сандықтау орта мектебінің логопедиялық кабинетінде ауызша және жазбаша түрде сөйлеудің бұзылуы бар балалармен жеке және топтық сабақтар өткізіледі. Сабақтар бекітілген жоспарға сай жүргізіледі.
Баланың дұрыс және таза сөйлеуі үшін көп еңбек ету керек. Дыбысты дұрыс айту бойынша түзету жұмысы қиын және жүйелі тәсілдерді қолдануды қажет етеді. Бір дыбысты дұрыс айтқыза білу үшін алдымен баланың жеке қабілеттері есепке алынады. Жұмыс көлемі бір айдан бір жылға дейін, ал қиын жағдайда одан көп уақытқа созылады.