«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қамқоршылар күні

01.11.2022

Қамқоршылар күні

29-қазанда Қазақстанда Қамқоршылар күні атап өтіледі. Бұл ерекше мереке бала тәрбиесінің ауыр жүгін мойнына алған жандардың  жан жылуын, мейірім мен ілтипатты ерекше қажет ететін бүлдіршіндерге  сыйлай білетін жандардың мерекесі.

Бұл күн мектебімізде де назардан тыс қалмады. Бүгінгі таңда Сандықтау ауылында тұратын отбасыларда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған  9 баланы патронатты отбасылар, ал 4 баланы қамқоршылар тәрбиелеп отыр. Бұл балалардың тағдырлары бір-біріне өте ұқсас, барлығы әртүрлі себептермен ата-ана мейірімінен айырылғанымен, олардың орнын толтыра білген қамқор жандар бар. Қамқоршылар, патронаттық тәрбиешілер  – бұл қиыншылықтан қорықпайтын, бірақ оны оңай жеңетін бүгінгі күннің батыл жандары.

27-қазан күні мектепте патронаттық тәрбиешілермен және тәрбиеленушілермен кездесу өтті. Кездесу барысында патронаттық тәрбие туралы презентация көрсетіліп, қонақтар арасында әңгіме, ойындар өткізілді. Кездесудің мақсаты – өз отбасына бала асырап алған отбасыларға алғыс білдіру және ынталандыру.

Қамқоршыларға көптеген жылы сөздер айтылып, жанның нәзік тебіреністеріне, батылдықтарына, мейірімділігі мен парасаттлықтарына шынайы таңданыс пен алғыс сөздері айтылды.  Кездесу тәтті шаймен аяқталды.

Просмотров: 244


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст