Тәуелсіздік Күні
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік Күнінің 28 жылдығын тойлау салтанатты жиыннан басталды. Барлық сыныптар арасында сынып сағаттары, сурет байқауы өткізілді. Бұл байқау жеңімпаздары: Абакумова А. Және Борисова А. 8-11 сынып оқушылары тарих пәні мұғалімі А.В. Шульга ұйымдастырған «Қазақстанның 10 жетістігі» тақырыбындағы дөңгелек үстелге қатысты. Дене шынықтыру мұғалімдері волейбол мен үстел теннисі бойынша сайыстар өткізді. Волейболдан мұғалімдер командасы жеңіске жетсе, үстел теннисі бойынша 1-орынды Болкоев С., 2-орынды Бабаев В., 3-орынды Харченко В. иеленді.
5-8 сынып оқушылары арасында «Үздік флеш-моб» байқауы жарияланып, 1 орынға 5 және 8 сынып оқушылары, 2-орынға 6 сынып, 3-орынға 7 сынып оқушылары ие болды. Іс-шаралар мерекелік концертке ұласты.
Ұйымдастырылған шаралардың мақсаты – оқушылардың бойында патриоттық, елжандылық, еліне деген мақтаныш сезімдерін ояту, мейірімділік пен бейбітшілікті сақтау қасиеттерін қалыптастыру.