«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ауғанстан-жадымызда".

15.02.2023

"Ауғанстан-жадымызда".

1989 жылы 15 ақпанда, яғни 34 жыл бұрын, КСРО-ның 40-Армиясының соңғы бөлімі Ауғанстаннан кетті. 15 мыңға жуық ұлдарын әкелері мен аналары соғыстан қарсы алмады. Кеңес сарбаздары абыроймен және батылдықпен Ауғанстандағы интернационалдық борышын орындады.

"Сандықтау ауылының жалпы білім беретін мектебі" КММ - де 9-10 сынып оқушыларының интернационалист-жауынгерлермен кездесуі өтті.

Кездесуге Китлер Александр Романович пен Пьянков Александр Николаевич қатысты.

Балалар  әскери міндеттерін атқарған жауынгерлердің әскери борыштары мен батылдығы туралы білді. Экранда әскери шежіренің кадрлары көрсетілді, сахнадан Ауған жерінде туылған әндер шырқалды. Кездесуде қатысушылар Ауғанстанда қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.  Балалар

өлең оқып, шығармашылық нөмірлер дайындады.

Қақтығыс аяқталғанмен  тарих мәңгілік. Ауған соғысы да тарихқа енді. Бірақ адамдардың жадында ол әлі ұзақ өмір сүреді, өйткені оның тарихы сарбаздардың қанымен және аналардың көз жасымен жазылған.

Просмотров: 354


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст