Текст
Көктем мерекесі
Сегізінші наурыз - барлық жерде көктемгі жылулық пен шынайы қуаныштың сезілетін ерекше күні. Бұл күні барлығы сұлу жандарды құттықтайды.
7 наурыз күні мектепте таңертеңнен бастап мерекеге дайындық пен құттықтау іс-шаралары басталды. Мереке қарсаңында мектепте Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарламалар өтті.
Бұл мерекелік концертте мұғалімдер де, ата - аналар да, қыздар да әсем әндерден, өлеңдерден, билерден және оқушылардың сахналық шеберлігінен жақсы әсер алды. Балалар аяулы жандарға денсаулық, бақыт, пен амандық тіледі.