Текст
Қауіпсіз мектеп автобусы
«Қауіпсіз мектеп автобусы» айлығы аясында 9-сынып оқушылары Ганеева Виктория және Массеров Давид екінші сынып оқушылары арасында «Жасөспірімнің жолда жүру әліппесі» тақырыбында ойын өткізді. Олар бүлдіршіндерге жолда жүру ережелері мен жол белгілері туралы айтып берді. Сыныптан тыс іс-шара ойын түрінде өткізіліп, жолды белгіленген жерде өту туралы көрсетілді. Ойын соңында екінші сынып оқушылары жолда абай болуды түсінді. Жол ережелерін сақтау – қауіпсіздік кепілі.