Текст
«Отбасы тәрбиесінің әдістемесі»
2023 жылдың қазан айынан бастап мектепте ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету Орталығы жұмыс істейді. Бұл орталық балалардың әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін ата-аналардың педагогикалық мәдениетін, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік құзыреттерін дамыту үшін ата-аналарға жүйелі педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру мақсатында құрылған; балаларды тәрбиелеу мен дамытуда мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуін нығайту; ата-ананың бала тәрбиесі мен дамуына жауапкершілігін арттыру.
2023 жылдың 14 қарашасында 1-4 сынып ата-аналарына «Отбасы тәрбиесінің әдістемесі» тақырыбында тренинг және әңгімелесу өткізілді.