«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы демалыс

11.06.2024

Жазғы демалыс

         Балалық шақ - адам өміріндегі ерекше, ең қызықты және белсенді демалыс уақыты. Жыл сайын мектебімізде «Күншуақ» жазғы сауықтыру алаңы жұмыс істейді. Жазғы сауықтыру алаңының негізгі мақсаты – ең алдымен өскелең ұрпақтың денсаулығын сақтау және нығайту, оқушылардың жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру, балалардың бос уақытын өткізуге қолайлы жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жазғы демалыста қауіп тобына жататын балаларды қараусыз қалдырмау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, балаларды спортқа баулу, еңбекке деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

«Күншуақ» мектеп жанындағы сауықтыру алаңы 3 маусым жұмыс істейді.

1 маусым – 3 маусымнан 14 маусымға дейінгі уақытты қамтиды. Жауаптылар: Шагизиганова В.А., Белгубаева М.Б., Гофшмид А.В. Жоспарланған балалар саны: 35 адам.

2 маусым – 1 шілдеден 12 шілдеге дейін жалғасады. Жауаптылар: Конюхова Е.С., Галус Я.В., Бостанкаев Ж.С. 25 баланы демалыспен қамту жоспарлануда.

3 маусым – 1-9 тамыз аралығында жұмыс істейді. Жауаптылар: Калман Н.А., Гофшмид И.А., Анастасияди В.К. 25 баланы демалыспен қамту жоспарлануда.

Жазғы сауықтыру бағдарламасы аясында мектепте ағылшын тілінен «Жас лингвист» лингвистикалық клубы, қазақ тілінде лингвистикалық клуб, компьютерлік сынып, «Экология профессорлары» экологиялық клубы жұмыс істейді, «Оқу мектебі» бағдарламасы іске асырылады, спорттық іс-шаралар, эстафеталар және т.б. ұйымдастырылады.

Просмотров: 5350


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст