Сынып жетекшінің қашықтан оқытудағы рөлі
Осы жылы білім беру ұйымдарында қашықтықтан оқыту форматы енгізіліп отыр. Қашықтықтан оқыту дегеніміз не? Қашықтықтан оқыту – оқушы мен мұғалімнің қашықтан оқыту компоненттерінің барлық түрлерін қамтитын ғаламтор желісі арқылы өзара байланысы.
Қашықтықтан оқыту кезінде сынып жетекшісінің жұмысы орасан зор. Өйткені білім беру тек оқытумен ғана шектелмейді, баланы тәрбиелеу де маңызды. Сынып жетекшілерінің алдына қашықтықтан оқыту кезінде тәрбие беру үдерісін үзбей жалғастыру, осы кезеңде оқушылар мен ата-аналарға қолдау көрсету сияқты мақсаттар қойылған.
Мектебіміздің сынып жетекшілері оқу жылының басында отбасылардың техникамен қамтылуын (ғаламтор байланысы, компьютер техникасы) тексеріп, сараптау жасады. Оқушылар мен ата-аналарды қашықтықтан оқыту форматының ерекшеліктері мен сабақ кестесімен таныстырды.
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен үлгерімдерін бақылау үшін мұғалімдер мен сынып жетекшілері Онлайн мектеп білім беру платформасы мен Kundelik.kz электронды журналын қолданады.
Қашықтықтан оқыту кезінде сынып оқушыларымен жұмыс барысында бірнеше міндеттер алға қойылды:
Егер оқушылардың сабаққа қатысуын және үлгерімдерін Онлайн мектеп платформасы мен Kundelik.kz арқылы жүргізсек, тәрбие жұмысын онлайн режимінде Zoom бағдарламасы мен әлеуметтік желілер арқылы жүзеге асырамыз (байқаулар, сынып сағаттары, ата-анааналар жиналысы).
Жұмыс барысында оқушылар мен ата-аналарға қолдау көрсету өте маңызды. Бұл мақсатта ата-аналар қауымдастығы, онлайн конференциялар мен жеке онлайн кеңес беру шаралары қолданылады.
Менің ойымша, қазіргі сәтте білім беру үдерісінің барлық қатысушылары үшін жан-жақты дамып, өзгерістерге бейімделіп, өздерінің функционалды сауаттылықтарын арттыратын уақыт келді.
Нурбаева Г.У.