«Ақмола облысы білім басқармасының Сандықтау ауданы бойынша білім бөлімі Сандықтау ауылының жалпы орта білім беретін мектебі»
«Общеобразовательная школа села Сандыктау отдела образования по Сандыктаускому району управления образования Акмолинской области»

Әлеуметтік желілер

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бастауыш мектепте дарынды балалармен жұмыс істеу»

17.11.2017

«Бастауыш мектепте

дарынды балалармен жұмыс істеу»

 

Оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу кезінде дарынды балаларды анықтау, қызығушылықтары мен ғылыми-зерттеуге,

әртістік, әдебиетке, көркем өнерге, спортқа және т.б. қабілеттерін уақтылы ашу негізгі мақсаттардың бірі болып табылады.

Статистиканың мәлімдеуінше, кішкентай балалардың барлығы туылғанда қабілетімен туылады, бірақ сол қабілеті уақтында анықталып, дамытылмайды. Жасы өскен сайын баланың қабілеті төмендейді. Бала 6-7 жасқа толғанда 70-80%, ал 10 жасқа келгенде тек ғана 30-40%  құрайды.

Бала мектепке келгенде оның жеке және шығармашылық қабілетін анықтау өте маңызды.

Бастауыш сынып мұғалімдері ата-аналар жиналысында «Балаңыздың қабілеті қандай? Оны қалай

анықтаймыз» болжам-тест өткізеді.

Бастауыш сыныпта дарынды балалармен жұмыс істеудің түрлері қандай?

1.    Сабақта жеке тәсілдерді, саралап оқыту элементтерін қолдану, сабақтың басқа түрлерін

өткізу (конкурс-сабақ, КТК-сабақ, ертегі-сабақ, пікір-сабақ және т.б.)

2.     Балалармен қосымша сабақ өту, олимпиадаға, конкурсқа, конференцияға, зияткерлік ойындарға

дайындау.

3.    Әр түрлі деңгейдегі олимпиадаларға дайындау.

4.     Қызығушылықтарына қарай пәндік және шығармашылық үйірмелерге қатысу.

5.    Сабақта, сабақтан тыс зерттеу және жобалық жұмыстармен айналысу.

6.    АКТ қолдану (балаларды электрондық энциклопедиаларды пайдалануға үйрету, балалар сайтына кіру, конкурстарға қатысу, жеке презентациялар жасау).

7.     Балалардың портфолиосын жасау.

Сабақта дарынды балалар үшін қиын тапсырмалар, жеке үй жұмыстары беріледі. Бастауыш

сыныптың барлық бағдарламаларында, соның ішінде білімді тексеруде көпдеңгейлік

тапсырмалар қарастырылған. «Мысалдарды шығарып үйренеміз», «Комбинаторлық

мысалдарды шығарып үйренеміз». Орыс тілінде «Орфографиялық мысалдарды

шығарамыз» мысалдық дәптер қолданылады.

         Оқытудың қазіргі жүйесі балаларға тапсырма беруде шығармашылық тәсілдерді қолдануды талап етеді («Русский медвежонок» ойын-конкурсынан алынған тапсырмалар).

         Бастауыш сынып мұғалімдері дарынды балаларға арналған материалдарды қолданады. Әдістемелік жинақтар құрады (тесттер, сабақта сараланған жұмыс үшін жеке тапсырмалар, қиын тапсырмалар, «Бастауыш сыныптарға

арналған мектеп олимпиадасы» пәндер бойынша олимпиадалық тапсырмалар). Дарынды балалармен жұмыс істеу үшін кітапхана қызметкері тартылады. Кітапханашы энциклопедия, сөздік, мақала, өлең, көркем әдебиет таңдап береді, жазушыларға арналған көрмелер дайындайды.

         Дарынды балалармен жұмыс істеу пәндер (секциялар) бойынша ұйымдастырылады: математика, орыс тілі, қоршаған әлем.

Біздің жұмыстың тиімділігі қандай?

1.    Балалардың өз жұмысына қанағаттануы және осындай балалардың саны көбеюі.

2.     Біздің оқушылар жыл сайын «Ақ бота», «Кенгуру», «Зерде» ғылыми жобалар конкурстарында жүлдеге ие болады.

3.     Балалардың қазіргі және болашақ қоғамға бейімделуі.

4.     Өзін-өзі тану қабілеті.

5.    Дарынды балалардың өзін-өзі оң бағалауы және өзіне сенуі.

Просмотров: 590


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст